Бір жер бар Ұлан деген!
Сөзі: Б.Р. Кенішбаев.
Ән жазуға ат салысыңыз.
Елімнің шығысында,
Ақ Ертіс жағасында,
Қалба тау арасында,
Бір жер бар Ұлан деген!
Далалы, таулы келген,
Орманды, нулы келген,
Бұлақты, сулы келген,
Мекен бар Ұлан деген!
Өсімдік, жәндік өрген,
Балықты, аңды келген,
Құстары әуелеген,
Қоныс бар Ұлан деген!
Ежелгі мекен деген,
Адамзат өсіп-өнген,
Ұрпағы өркендеген,
Тұрақ бар Ұлан деген!
Шырағы сөнбеген,
Ошағы өшпеген,
Кереге кең келген,
Стан бар Ұлан деген!
Жұрты бар қыдыр қонған,
Халқы бар бақ дарыған,
Рухы бар асқақтаған,
Бір ел бар Ұлан деген!
Береке бақ деген,
Түсінген хақ деген,
Сыйласу құт деген,
Қауым бар Ұлан деген!
Жанұя, үй құрған,
Сыртына мал толған,
Ішіне жан толған,
Қоғам бар Ұлан деген!
Қарты бар дана келген,
Жасы бар білім терген,
Халқы бар еңбек емген,
Өңір бар Ұлан деген!
Соғыста батыр болған,
Бейбітте ақын болған,
Отанға ұл-қыз берген,
Аймақ бар Ұлан деген!
Тулары желбіреген,
Ұраны аспандаған,
Таңбасы жарқыраған,
Отан бар Ұлан деген!
Қаласы нұр жайнаған,
Ауылы гүл жайнаған,
Жұмыс пен еңбек қызған,
Аудан бар Ұлан деген!
Астана – 2012 жыл – 28 мамыр