Жасай бер, өсе бер, ел Ұланым!
Сөзі: Б.Р. Кенішбаев.
Ән жазуға ат салысыңыз.
Жасай бер, өсе бер, ел Ұланым!
Гүлдей бер, өне бер, жер Ұланым!
Жарқыра, жайнай бер, нұр Ұланым!
Қосыла өлеңге, жыр Ұланым!
Қарт Қалба данагөй, ақыл-ойым.
Ақ Ертіс дариям, ар-намысым.
Айыртау көк шыңым, абыройым.
Бұқтырма шалқарым, ой-арманым.
Орта жер, нүктесі, Кіндіктауым.
Ақбауыр, Таиынты көне көзім.
Сандықтас көктігім, жаз жайлауым.
Манат пен Боранбай күз, қыстауым.
Тарих, шежіре, ел Ұланым!
Суы мол, шұрайлы, жер Ұланым!
Кенге бай кенішті, нұр Ұланым!
Ұрпағың білімді, ер Ұланым!
Астана – 2012 жыл – 29 мамыр