Қара жорға – буын биі |
Қара жорға – бірлік биі |
Сөзі: Қазақ халқыныкі |
Сөзі: Қазақ халқыныкі, Б.Р. Кенішбаевтікі |
Қара жорға болмаса, бидің сәні келер ме, Қос етек көйлек кимесе, қыздың сәні келе ме. Ал, қанеки, жолдастар, біреуің шық тойбастар, Той дегенде дейді екен, домалайды қу бастар. Ал, халайық, билеңдер, билеңіздер сүйгенмен, Қара жорға ойнаңдар, қой десе де қоймаңдар, Шалдар жүрсін шаттанып, жанарынан от жанып, Биле жеңгем білемін, мына тойдың гүлі едің, Биле-биле жігіттер, жанып тұрған үміттер, Қыздар солай маздасын, жүрек қылын қозғасын, Биле-биле сұлуым, қандай ғажап күлуің, Қара жорға болмаса, бидің сәні келер ме, Қазақстан – ықылым заман |
Қара жорға болмаса, бидің сәні келер ме?! Бейбітшілік болмаса, әлем сәні келе ме?! Ал, қанеки, халықтар, қазақ шықты тойбастар. Бейқұт заман әкелген, қазақ әр кез би бастар. Ал, халықтар, билеңдер, билеңіздер ән-күймен, Қара жорға ойнаңдар, қой десе де қоймаңдар, Ұрпақ жүрсін шаттанып, жанарынан от жанып, Биле елім, тірегім, мына ғалам дүрі едің, Биле-ойла халықтар, жанып тұрған үміттер, Ұлттар солай маздасын, бірлік қылын қозғасын, Биле-биле, ой, халқым, қандай ғажап болмысың, Қара жорға болмаса, бидің сәні келер ме?! Астана – 2013 жыл – 12 маусым |
«Қара жорға» биі, осы бидің орындалуын сүйемелдейтін ән мен сөз маған өте қатты ұнайды. Сөздері мағыналы, әні құдіретті, биі керемет. Бірақ, байқасам, елімізге шетелдік қазақтар әкелген өлеңнің ықылым заманғы түп нұсқа мәтінін, көп жағыдайда ақындар, әншілер өзгертіп айтып жүргенін көрдім. Интернетке кірсем «Қара жорға» өлеңінің сөзінің көптеген мәтіні кездеседі екен. Біраз сайттарда шетелдегі Қазақстан студенттері сөзі түп нұсқа мәтінге ұқсамайтын осы «Қара жорға» биін көпшіліктің алдында билеп жатқаны туралы көріністер бар екен. Сол кезде менің ойыма осы жоғарыда оң жақта келтірілген аз-маз өзгерістер орала кетті. Ұнамаса ренжімеңіздер, кешірім өтінем. Ұнаса айтып жүріңіздер. Менің ойым, осы қазақ халқының қасиетті биі мен киелі әні, олардың өлеңінің жаңа мәтіні, күллі әлемде бейбітшілік орнатуға белсенділік танытып отырған қазақ ұлтының беделін орындалған сайын көтере түсер деген үміт, қазақ елінің мерейін асыра түссін деген мақсат.
Б.Р. Кенішбаев
Астана – 2013 жыл – 12 маусым