Ұлттық спорттың жеңімпаздары марапатталды

Ұлттық спорттың жеңімпаздары марапатталдыТәуелсіздігіміздің 20 жылдығы Ұлттық спорт түрлеріненен көптеген шаралар өткізумен аталып өткелі отыр. Осы шаралардың басы, мерекемен, яғни Ұлттық спорттың үздіктерін марапаттаумен басталды.
2011 жылы Республикамызда өтетін Спорт жарыстары кестесіне Ұлттық спорт ойындары да толық кіріп отыр. Осы кестеде алдымен науырыз айының 15 жұлдызы күні «Ұлттық спорттың үздіктері» атты үлкен шара өткізу белгіленген болатын. Жоспарға сәйкес белгіленген күні Президенттік Мәдениет орталығының концерт залында Республикамыздың барлық Ұлттық спорт түрлері бойынша Ұлттық спорттың үздіктері марапатталды.
Осы шараны өткізуге ерекше мән беріліп, үлкен дайындық жасалды. Сахна қапталдары әсем табиғат, сұлу жылқылар салынған баннермен безендіріліп, ортасында бейне таспа арқылы алмасып жатқан Ұлттық спорт түрлерінінің шеберлері орындап жатқан көріністер, аузымен құс тістеген сәйгүліктердің дүбірі мен бейнесі, қалықтаған қырандардың қиқуы, жалпақ ленталармен, гүлдермен безендірілген сахна және елімізге танымал өнер шеберлері мен ұжымдарының «Ұлы Дала тұлпарлары» атты концерттік бағдарламасы Үздіктерді марапаттау шараларымен үйлесіп жатты. Алдымен сахнада Мемлекеттік камералық «Ақжауын» оркестрінің орындауында қазақ даласының дүбірін еске түсіріп, рухыңды асқақтатып әкететін күй -Құрманғазының «Сарыарқасы» орындалды. Күй – Сарыарқада желмен жарысып келе жатқан Қобландының –Тайбурылын, Алпамыстың –Байшұбарын, Аманкелдінің –Шалқасқасын, Ақансерінің –Құлагерін, Бошайдың –Құланқара, Бұланқара, Желмаясын, көз алыңа елестетіп, түлпармен бірге ұшып келе жатқандай делебеңді қоздырып ала жөнеледі.
Күй аяқталысымен сахнаға «Нұр Отан» ХДП хатшысы, Ұлттық спорт түрлері Қауымдастығының президенті Қайрат Сатыбалдыұлы, ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің төрағасы Елсияр Қанағатов шығып Мерекеге келген Ұлттық спорттың үздіктерін құттықтап сөз сөйледі. Одан кейін бір бірлеп бірнеше топқа бөлініп Ұлттық спорттың түрлерлі бойынша анықталған жеңімпаздар шығып жатты. Оларды кезек кезегімен ҰСТ Қауымдастығының вице-президенті, жазушы Сәдібек Түгел, жазушы Кәкімбек Салықов, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Нүкетаева Динара «Ақ Орда» Республикалық қозғалысының Бас кординаторы Зұлфия Төлебаева сахнаға шығып, Жеңімпаздарға көгілдір лента тағып, құшағына гүл, қолына Кубок және бағалы силық ұстатып, фототілшілер суретке түсіріп жатты. Осы іс шарада 37 үздіктер сахнаға көтерілді:
-Үздік бүркітші – Шалипов Медет, Үздік бүркіт жаттықтырушысы – Кодеков Сейтжан, Үздік тоғыз құмалақ ойыншысы – Далиева Әсель,Үздік тоғызқұмалақ жаттықтырушысы –Қапаев Дастан, Үздік алыпсоқ шебері –Абикенов Рымбек, Үздік алыпсоқтың жаттықтырушысы-Оразбеков Нұрбота аталса, Үздік қыз қуу ойынының шабандоз жігіті-Оразаев Данияр, Үздік қыз қуу ойынының шабандоз қызы Асанова Жансая, ал, Үздік қыз қуу ойынынының жаттықтырушысы Сейдахмет Оразқожа марқұм, Үздік қыз қуу ойынының төрешісі-Байтасов Рыскелді аталды. Аударыспақ ойыншысы номинациясы бойынша Үздік атанған – Аринов Мақсат, Үздік аударыспақ ойынынының жаттықтырушысы –Жапишев Жұмабек, Үздік ер жігіт ойынының шебері –Күнқожинов Жайдарбек, Үздік жұдырықтасу шебері –Кәкімжанов Серік, осы спорттың Үздік жаттықтырушысы Нұрғалиев Шахан, Үздік қазақ күресінің палуаны-Тілеп Бауржан, Үздік қазақ күресінің жаттықтырушысы -Төкиев Серік, Үздік ұлттық спортты насихаттаушы журналист-Қапбасов Бағдат, Үздік тай жарыс бәйгесінің жаттықтырушысы -Сатыбалдиев Ертілеу, Үздік жорға жарыс атының бапкері -Төлеуов Арман, Үздік шабандоз жігіт -Старцев Арман, Үздік шабандоз қыз -Усманова Румия, Үздік көкпаршы -Айтбаев Темірхан, Үздік көкпар жаттықтырушысы-Құрамаев Қуанышбек, Үздік сайыс бапкері -Бөкенаев Дүйсенбай марқұм, Үздік көкпар спортының төрешілері: Тұратбеков Жамалбек, Қасенов Аманжол, Үздік теңге ілу спортының төрешісі -Мейрамғалиев Жамалбек, Үздік аударыспақ спортының төрешісі – Қыдырбеков Аманжол, Үздік ат спортының қыл қалам шебері-Қалиолла Ахметжан, Үздік спорт коментаторы -Қыдырбай Мұрат, Үздік демеуші- меценат -Тұрлыханов Дәулет, Үздік ұлттық спорттың ардагері – Жақыт Марат, Үздік атбегі -Маткенов Тілеген, Үздік ат жарыс бәйгесінің бапкері -Құралбаев Сейталы марапатталды.
Үздіктерді марапаттау концерттік нөмірлермен алмастырылып отырылды.
Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі Секен Тұрысбековтің «Дарабозы», Абылай ханның «Шаңды жорығы» орындалып, Қазақстанның халық әртісі Қайрат Байбосынов Біржан салдың «Ақ серкешін», Гүлзира Бөкейханқызы Ақан серінің «Маңмаңгерін», ал Ахат Кенжебаев «Құлагерін», Айгүл Елшібаева «Екі жиренді» ең соңында «Қара жорға» өнер ұжымы «Қара жорға» биін орындап, оның жетекшісі Жамали Диханұлы арнайы жасалған қондырғыға қойлған пышақтың жүзімен көтеріліп, пышақтың үстінде тұрып тісімен жас баланы, екі қолымен ауыр гір тасын көтеріп көрерменді таң қалтырды.
Серік Тұрғынбековтің Қазақ тұлпарына арнаған өлеңі көременді бей-жай қалдырмай көздеріне жас келтірсе, Көпен Әмірбеков әзілдерімен жұртты қыран-топан күлкіге батырды. Сөйтіп бұл кеш есте қалар ғажайып әсермен өтті.
Ұлттық спорттың үздіктерін марапаттау жыл сайын әр жылдың басында тұрақты өткізіліп тұратын болды.
Толығырақ фоторепортаж

ҚР Ұлттық ат спорты федерациясының атқарушы директоры
Альберт Мурсалимов.

Сондай-ақ, оқыңыз

Еркін күрес

2016 жылдың 17-18 қыркүйегі аралығында «Жезқазған қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ жəне» …