Қасым ата Қайсенов – батырлардың батыры!

Қасым ата Қайсенов – батырлардың батыры!

Сөзі: Б.Р. Кенішбаев.
Ән жазуға ат салысыңыз.

Қасым ата Қайсенов
Жау тигенде батыстан,
Қан майданға аттанды,
Атойлатып шығыстан!

Қайырмасы:
Ұлан батыр ұрпағы,
Көкжал Барақ тұқымы,
Қасым ата Қайсенов,
Батырлардың батыры!

Днепрден алғашқы,
Жүзіп өтіп қайығы,
Бекіністі орнатты,
Армияға жол ашты!

Қайырмасы:

Жекпе-жекте фашистің,
Жүз батырын өлтірді.
Қосындарын олардың,
Қырып-жойып, даң қылды!

Қайырмасы:

Осы және басқада,
Ерліктерге байланысты,
Қасым ата Қайсенов,
Батырлыққа ұсынылды!

Қайырмасы:

Дұрыс болса саясат,
Кем дегенде екі рет,
Қасым ата Қайсенов,
Батырлықты алар ет!

Қайырмасы:

Кеңес елі бермеді,
Батырлықты, атақты.
Әлем мойындап ерлікті
Халқы батыр атады!

Қайырмасы:

Болған халық батыры,
Қасым ата Қайсенов,
Тәуелсіз ел Қазақстан,
Қаһарманы атанды!

Қайырмасы:

Астана – 2011 жыл – 15 сәуір

Сондай-ақ, оқыңыз

ҚОС ТАҒДЫР

Целиноград ауданы, Ақмол ауылы,  Серік АЛЛАЖАРҰЛЫ.  (Деректі әңгіме) Өз үйінде бақытты адам ғана – шын …