Ертісім! Ертісім! Ардағым!
Сөзі: Б.Р. Кенішбаев.
Ән жазуға ат салысыңыз.
Басыңды таулардан аласың,
Даламда сылаңдап ағасың.
Ертісім мұхитқа құятын,
Өзендер ішінде дарасың.
Қайырмасы:
Ертісім! Ертісім! Ардағым!
Өмірде мәңгілік тұмарым,
Көк теңіз, шалқарым, дариям,
Жағаңда мәңгілік жанұям!
Қойнауы бай кенді сусың,
Қуат берер нәрлі сусың,
Ертісім бақ құятын,
Ел ырысы, қазынасың.
Қайырмасы:
Өр Алтайдың бауырысың,
Қарт Қалбаның сауырысың.
Ертісім рух құятын,
Ел намысы, айбынысың.
Қайырмасы:
Астана – 2011 жыл – 17 қараша