«Мектепке дейінгі  балалардың танымдық белсенділігін  арттыруда АКТ қолдану»

Целиноград ауданы «Алтын дән» балабақшасы МКҚК

Әдіскер: Ешмуханова Ақмарал Аманжоловна

Еліміздің өркендеуі мен гүлденуі-болашақ  ұрпақ  қолында. Бүгінгі күннің айдарындағы  басты  мәселе  бала  тәрбиесі. Бала тәрбиесі тәрбие жұмыстарында ғана емес, тәлім, таныс  үрдістерінде жүзеге асады. Тәрбие мен  білім  өмір  жолындағы үзіліссіз  процесс.Егемен  еліміздің ертеңіне өз үлесімізді  қосқымыз келсе, балабақшадан  бастау алып, бала  бойына  танымдық қабілет   дарыту біздін басты міндетіміз.Қай  ғасырда  болсын  ұлт өнерін өркендетуші сапалы, салауатты, парасатты  ұрпақ  тәрбиелеу-қоғам алдында  әрбір  тәрбиеші ұстаздың  басты  міндеті  болып саналады.

Елбасының ы жолдауында  «Біз  бүкіл еліміз бойынша  әлемдік  стандарттар  деңгейінде сапалы  білім беру  қызметін көрсетуге қол  жеткізуіміз керек» деп мәлімдеді.

Яғни,  бүгінгі  күні  білім  беру  жүйесі  жаңа  педагогикалық технологияның негізделуін  және де  ақпараттық  құралдардың кеңіннен қолданылуын кажет етеді. Балалбақшада оқу тәрбие үрдісінде жаңа технологияны пайдалану заман талабыннан туындап отырған мәселе.

Бәсекеге қабілетті білім кеңістігін құруға Қазақстандық білім беру реформасын ең басты мақсаттарының бірі иновациялық технологияларға сүйене отырып, бүлдіршін бойына танымдық қасиетін қалыптастыру, шығармашылық ойлауды дамытуға мүмкіндік жасау  болып отыр. Осындай күрделі мәселелерді шешуде мектепке дейінгі мекемелердің алатын орны ерекше.

Заманымызға сай қазіргі қоғамда ақпараттандыруда тәрбиеші ұстаздардың біліктілігін ақпараттық коммуникациялық технологияны қолдану саласын көтеру негізгі міндеттердің біріне айналды. Қазіргі заман талабына сай тәрбие мен таным саласына енгізілген жаңа бағыттағы тың үрдістерді әрбір тәрбиеші меңгеріп қана қоймай оны тәжірибеде орынды қолдана отырып, өз білімін, іскерлігін үнемі жетілдіріп отыруы тиіс. Жаңа өмірдің стандарты «Жалпыға бірдей білім, өмір бойы білім алу».

Негізгі бөлім:

Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен дамытуды  ұйымдастыру бойынша отандық және шетелдік ғалымдардың инновациялық  тәжірибелерін пайдалану қажеттілігі факторлары жаңа стандарт жүйесінде іске асырылады.

Жаңа стандарт негізінде білім беру үрдісі 5 салада ұйымдастырылады:

–       Денсаулық

–       Қатынас

–       Таным

–       Шығармашылық

–       Әлеумет

Оның ішінде балалардың шығармашылық қабілеті мен ойлау үрдісіне негіз болатын «Таным» білім беру саласының негізгі бағыттары.

         «Еліміздің ертеңі-бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында»-деп елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай балабақшада  баланың таным  процесін  ізгілендіру мақсатында көптеген  оқу-тәрбие  үрдістері, жан-жақты ұйымдастырылып  өткізіледі.

Инновациялық білім беру құралдарына аудио, видео құралдары, компьютер, интерактивты тақта, интернет, мультимедиялық құрал, электрондық оқулықтар, оқу әдістемелік көмек, инновациялық ақпараттық банк, инновациялық сайт жатады.

Сондықтан жаңа стандарт негізінде баланың танымын қалыптастыру бағытында педагогтардың өз білімі мен кәсіби деңгейін жетілдіру кезек күттірмес мәселе.

Инновациялық процесс-педагогикалық жаңалықтарды енгізу болып отыр. «Инновация» ұғымы-жаңару, өзгерту, жаңашылдық дегенді білдіреді.

Қазақстан Республикасының білім туралы заңының 8-бабында «Білім беру  жүйесінің  басты  міндеттерінің  бірі – оқытудың  жаңа  технологияларын  енгізу, білім беруді  ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық  коммуникациялық  желілерге  шығу» деп көрсеткен. Сол себептен  қазіргі  таңда  даму кезеңі  білім беру  жүйесінің  алдында оқыту мен  тәрбиелеу  үрдісін технологияландыру  мәселесін  қойып отыр.

Қорытынды:  

Балабақшада ақпараттық  технологияны пайдалану- бала  танымын  жан-жақты дамытудың  шешуші  құралы. Мыс: Мультимедиялық  оқулықтарды  балабақшада пайдаланар  болсақ, оқу іс-әрекеттерін  жоғарғы  дәрежеде жүзеге асыруға болар еді. Мұндай  жағдайда  тәрбиеші  бала  тәрбиесімен айналысқанда әр түрлі шара, оқу іс-әрекеттер  өткізер алдында жиі-жиі  көрнекіліктер ауыстырмаған болар еді. Бұндай  оқулықтар пайдалану алдымен  балалардың  қызығушылығын арттырып, оқу іс-әрекеттерге  деген танымын, белсенділігін арттыра  түсер еді.

Мультимедиялық  оқулықтар  болса балабақша  бүлдіршіндеріне арналған  таптырмас  құрал болар еді.

Ақпараттық-технологияларды  пайдалану тәрбиеленушілердің   танымдық белсенділігін  арттырып  қана  қоймай,   логикалық  ойлау жүйесін  қалыптастырады,  шығармашылықпен  еңбек  етуіне  жағдай  жасайды.

Қазіргі  қоғам алдында  тұрған  өзекті  мәселелерді шешуде, яғни  жан-жақты  көп мәдениетті, шығармашыл, әлеуметті бейімделген  тұлға  қалыптастыру үшін  ұстаз өзі де  шығармашыл тұлға  болуы  тиіс.

Сондықтан     жаңа    стандарт    негізінде    баланың    танымын қалыптастыру   бағытында  педагогтардың  өз білімі мен  кәсіби  деңгейін жетілдіру  кезек  күттірмес   мәселе.

Қазіргі  уақытта   оқытудың  50-ден  астам  технологиялары  бар. Олардың  бала  танымын   қалыптастырып  тұлға ретінде дамуы  үшін  маңызы  зор.Олай  болса  келешек  ұрпағымыздың  жан-жақты, терең білімді,  яғни  интеллектаулды  деңгейін  жоғары  болуына   қойылатын  талап  зор. Заман  талабына   сай  жаңашыл  тұлға   тәрбиелеуде  нәтижелі   жұмыс  жасау  алға   қойған   басты   мақсатымыз.

 

Сондай-ақ, оқыңыз

Сыныптан тыс оқу сабағы – әдебиет сабағының жалғасы.

Ақмола облысы, Аршалы ауданы, № 2 Аршалы орта мектебі, Қазақ тілі пәнінің мұғалімі, Нуртазина Білімжан …