Сөзі: Б.Р. Кенішбаев
Алты ай қыс соғым жеген ата-бабам.
Қазақта ұлттық мейрам соғым болған.
Дүниеде бұдан артық мереке жоқ,
Астары дәмді болып, мерзімі ұзақ болған.
Ата-бабам наурызды көжеменен қарсы алған.
Сыбағалар, иесі бір келер деп, ұн ішіне сақталған.
Қазандарда, ерте туған марқа еті мен сүрі асылған.
Мал төлдеп, бала мен төл уызға қарық болған.
Күн жылына ата-бабам жайлауға көшіп-қонған.
Қыстан кейін арқасын кеңге тастап, демін алған.
Құдаласып, қыз ұзатып, келінді боп, той тойлаған.
Жеңіл ас, жеміс-жидек, қымыз, шұбат, аққа тойған.
Күн суыта жұртына, күзеуге қайтып қонған.
Сенде жазық, менде азық жоқ сөздерімен,
Күздік сойып, соғымын семіртуге жемге қойған.
Етек-жеңін жыйып ап, қыс қыстауға дайын болған.
Қар түсе, игілікке желінсін деп, соғым сойған,
Союға жиналғандар қауқылдасып, қуырдақ жеген.
Ел-жұртына арналып сойылған соғымынан,
Таратып апта сайын сыбағасын, шеке берген.
Қазақи өмірдің бір қыры осылай жалғасып кете берген.
Уақыт шіркін тоқтамай, талай заман тарих боп өте берген.
Сыйластықтың шыңы болып әрқашанда есептелген,
Соғым сою дәстүрі бұл қазақтың, әлі күнге өзгермеген.
Сол дәстүрді жалғастырып, жаңаша жаңғыртып жүрген,
Немереге ата-апа, кішкентайға аға-апай, үлкенге бауыр,
Біреуге құда-жекжат, біреуге жора-жолдас бола білген,
Өнегелі, үлгілі ата-аналар Сәдібек пен Қайкен деген.
Астана – 2012 жыл – 21 желтоқсан