Оқушылардың тіл мәдениетін дамыту жолдары

Астана қаласы, Әлкей Марғұлан атындағы №40 орта мектеп,

директордың ғылыми-әдістемелік  жұмысы жөніндегі орынбасары

  Анизат МҰСА

Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә. Назарбаев «Жастардың және еліміздің басты капиталы – сапалы білім» екенін атап көрсетті. Білім беру мазмұнын жаңарту, үздіксіз білім беру жүйесін дамыту – бүгінгі күннің заман  талабы. Қазіргі кезде білім берудегі мақсат – жан-жақты білімді, өмір сүруге бейім, қиындыққа мойымайтын, өзіндік ой–талғамы бар, адамгершілігі жоғары, қабілетті  жеке тұлғаны қалыптастырып дамыту.  Демек, білімдендірудің ошағы – мектепте.  Жаңа ғасыр – білім берудің барлық жүйесін жүйелі дамытуды талап етіп отыр. Әр мұғалімнің белгілі бір мақсатқа жетудегі іс-әрекеті, тәсілі бар, ал технология – сол шебер әдістердің жүйелі жиынтығы. Дайын технологияны жүректен өткізіп тиімділігін ұғынып алмайынша, өз тәсіліңе бейімдемейінше қолдана алмайсың. Қытай философы «Маған жай айтсаң – ұмытамын, көрсетсең есімде сақтаймын, ал өзімді іс-әрекетке қатыстырсаң үйренемін» деген даналығы білім алушының білімге ықыласын арттыруда ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалана отырып, өзіндік ізденіс жүргізуді практикада жүзеге асырудың маңызды екендігін көрсетеді. Сапалы білім негізі – жан-жақты ақпараттық материалдарды, көрнекі құралдар мен ұтымды технологияларды, тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, білім алушыға ешбір кітаптан таба алмайтын білім беру.  Оқулықтағыны оқушы өздігінен қызыға оқып алуына жағдай жасау қажет.

Оқушылардың сөйлеу тіл мәдениетіне назар аударсаңыздар, әр баланың сөйлеу мәдениеті әр түрлі. Ойын еркін, тиянақты, сөйлемінде басы артық сөзі жоқ баланы кездестіру өте қиын. Кейде мектептегі жақсы бітірген оқушының өзі де сөйлеу дағдысы дұрыс қалыптаспағандықтан ойын жеткізуде қиналады. Сондықтан қозғалып отырған тақырыптың мәні мен маңызы ерекше. Ойын анық, таза әрі мазмұнды да нақты жеткізе алмау оқушыда ғана емес, қоғамның кез келген саласындағы қызметкерлер арасында да кездесетін өзекті мәселе болып табылады. Осы өзекті мәселенің шешімімен аз да болса ұстаздық тәжірибемнен түйгенімді сіздермен бөліскім келеді. Оқушы өзара пікірлескенде көсілтіп шебер сөйлеп кете алмай кейбір сөздердің баламасын таба алмай жатады. Көбіне сөйлемі шашыраңқы, сөздерін бірнеше рет түзетіп, қайталау, қиналу,  толық жеткізе алмаулары мені толғандырады.

Сөз –қиын өнер. Мектепте сөз өнерін меңгермеген оқушының өскенде тіл мәдениеті төмен болары сөзсіз. Айтушы ойын өзі үшін айтпайды, өзге үшін айтады. Сондықтан ол ойын өзгелер қиналмай түсінетін қылып айту керек. А.Байтұрсыновтың: «Ойға сәйкес келетін сөздерді таңдап ала білуді және сол сөздерді сөйлем ішіне орын-орнына дұрыстап сөйлемді тізе білуі тиіс», – деген сөзінен тіл білу – тіл мәдениетін меңгеру болып табылмайтындығын айқын аңғарамыз. Оқыту мен тәрбиелеу нәтижелі болу үшін оқушының сөйлеу қабілетінің дамуына тікелей әсер ететін тіл мәдениетін оқытуға басты назар аударған жөн.  Адам мәдениетінің алғы шарты – дұрыс сөйлей білу. Мәдениет дегеніміз –   адамның терең ойлау, өзіне де, айналасындағыларға да талдау жасай білу қабілеті. Адам ойы әр уақыт тіл арқылы жарыққа шығады. Сол қызметі арқылы қарым –қатынас құралына айналады. Әрі бұдан тіл мен ойдың өзара байланыстығы туады. Тіл мәдениетінің негізгі арқауы – тілдік норма. Тілдік норма тілдің ішкі жүйелері негізінде дамиды. Оқушылардың тіл мәдениеті деңгейінің төмен болу себептері:

1)ортаның әсері;

2)көркем әдебиетке деген қызығушылықтың төмендігі;

3)отбасы тәрбиесінде ұлттық педагогиканың  тар шеңберде қолданылуы т.б. Осы мақсатта алдыма бірнеше мақсат қойдым.

1)Кембридж бағдарламасы негізінде тренинг арқылы оқушыларды сергіту;

2)Сапалы білім беру, оқушылардың патриоттық сезімдері мен ұлттық  құндылықтарын  дамыту.

3) Мағынаны ашу, мәтінді өздеріне оқыту, проблемалық  тақырыптарды топта талқылауға үйрету;

4) . Ойтолғау, эссе жазуға баулу.

Күтілетін нәтиже:1) Сөз өнерін меңгерген оқушы;

 

 

Осы бағытты зерттей келе, жеке тұлғаның сөйлеу мәдениетін дамытуда төмендегідей жұмыстар жүргізудемін.

  1. Сабақта оқушының жауабы мұғалімнің қатысынсыз өз тарапынан айтылуы тиіс. Оқушы теориялық материал жөніндегі ойын жинақтап сөйлеуге әдеттенеді. Грамматикалық талдау, сөз мағыналарын ашу, көрнекі материалдарды жүйелі дәлеледеп беруге дағдыландырылады. Жаттығу, тапсырма жұмыстарының мақсатын, шартын дұрыс түсініп, материалды ауызша талдап, дәлелдеп, жүйелі айтып беруге қалыптасады. Оқығанын, естігендерін, көргендерін мазмұндап, суреттеп, баяндап айта біледі. Ойдан әңгіме, өлең шығару,  өз қиялдарынан шағын әңгіме, ертегі айтқызып, өлең жаздыру жұмысы жүргізілді.Оқушының арман, қиялын дамытады. Мәтінді мәнерлеп оқу және сөздікпен жұмыс жасау, көпшілік алдында сөйлеуге баулыдым. Мұндай жұмыстың түрі оқушының арман,  қиялын дамытады. Әдебиет сабағында кез-келген тақырыптан соң кейіпкерге хат, ойтолғау, мәтінді аяқтау сынды тапсырмалар негізінде оқушы тілін дамытуға болады, кейіпкерге хат жазылды. Көпшілік алдында сөйлеу оқушының белсенділін арттырып, жауапты, батыл сөйлеуге жаттықтырды.  Мәтінді мәнерлеп оқу арқылы, мазмұнын толық түсініп, стилін, тілін, грамматикалық белгілерінің қолданылу заңдылықтарын үйренді.

Мәнерлеп  оқу – оқушының мынадай дағдыларын қалыптастырды:

а/ оқушының дұрыс оқу дикциясын, дауыс мәнерін реттейді;

ә/ әр сөздің айтылу, жазылу ерекшеліктерін ұғына отырып, сауаттылығын арттырады;

Оқушының ауызша сөйлеу тілін дамытуды мұғалімдер мектептегі тәрбие жұмысымен ұштастырып отырулары қажет. Оқушы жоғарыда талданған сөйлеу түрлерін дұрыс меңгерсе, оның күрделі жақтарын білім толықтыру барысында әрі қарай кеңейте түседі. Сыни тұрғыдан ойлайтын оқушыларды басқару, үгіттеу қиын. Себебі олардың өзіндік пікірі, ойлау қабілеті, өзіне деген сенімділігі қалыптасқан.  Мұғалімдердің сыни тұрғыдан ойлауы жоғары дәрежеде дамыса, оқушы да сын тұрғысынан өз деңгейінде дамиды. Сыни тұрғыдан ойлау – Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Бұл модуль оқушыларды да, мұғалімдерді де сыни тұрғыдан  саналылыққа жетелеуге баулиды.

Сабақ беру барысында мен өзімнің зерттеу жұмысымды  8- сыныптарға жүргіздім. Бұл сыныптардағы сабақтарымды  сыни тұрғыдан ойлау жобасының бірнеше стратегиясына салып өткіздім. Бүгінгі күнге дейін де мен өз сабақтарымда СТО жобасының бірнеше стратегияларын қолданып келемін. Кембридж тәсілінің теориялық негізіндегі Үшінші  (негізгі) деңгейден соң СТО стратегияларының маңыздылығын, тиімділігін жетік меңгергендей сезіндім. оқушылардың іс – әрекетін бақылау мен үшін қызық. Топ арасында   оқушылардың өзге топтың өзінен озғанына қызығушылық, қызғанушылық, сүріндіру мақсатында ауырлау сұрақ қойғанын байқадым. Топқа бөлгенде оқушылардың бұрын бірге жүрген оқушылармен ғана топтасқысы келетінін ескертті. Мен  оқушылардың пікірімен алмасу, бойындағы жақсы қасиеттерімен  бөлісудің тиімділігін түсіндірдім, бірақ жоспарлаған уақыттан аздап ұтылдым. Қорғап болған соң оқушыларға білгендерін тексеру мақсатында интерактивтік тақтадан кесте көрсетілді. Зат есім ережесін, сұрағын, жалпы, жалқы есімдердің ережесі мен мысалдарын көрсеттім. Өздерінің дұрыс жазған-жазбағанын тексерді. Оларда өздеріне деген сенімділік пайда болды. Оқушылардың бұрыннан үйреніп қалған достарымен бөлек отырғысы келмейтіндігі басты кедергі болды деген түйін жасадым. «Малекула» тренингін жасау арқылы оқушыны сергіттім.  Тренинг – балалардың жүгірісі мен күлкісін, оқушылардың ойын сергітті.  Осы зерттеуде  Сакимбай Мақсат деген оқушының есте сақтау қабілеті жоғары екендігін байқадым. Бала «3» пен «4»-ке оқиды. Зат есім жайлы  не білетіндігі туралы өз ойын еркін жеткізе білді.  Сарсекова Арайлымның топ ішінде өз ойларын бәрінен бұрын ортаға салып, талдауға жылдам кірісетіндігі байқалды. Зерттеуде уақытпен санасуды оқушылар да түсінді. Сыныпта баяу қимылдайтын   Авид Нұрмұхамед, Ұзақбаев Дидар деген оқушылар жылдамдығы жағынан  көзге түсті. Бұл оқушылар негізінде   қазақ тілі мен әдебиеті сабағынан  үлгерімі төмен болатын, бірақ осы бақылау  кезінде аталған оқушылар  белсенділік танытты. Әр сұраққа  сыни көзбен қарап, ойын жеткізуде даралығымен ерекшелене білді.  Оқушылар жұмыстарын қорғауға шыққан кезде топ мүшелері бәрі бірге шығып, тапсырманы қорғады, ал қалған топ мұқият тыңдады. Ең басты ұтқаным – сабақта бос отырған, ізденбеген                                                              оқушы болмады,  барлық оқушылар сабаққа қатысып бағаланады.

Әр сабағымды белгілі бір нәтижеген жету үшін кедергілермен күресе білдім.

Ауызша сөйлеу мен жазба тіл мәдениеті дамыған оқушы – қоғамның жемісі.Осы еңбегімнің нәтижесінде  шәкірттерім төмендегідей жетістіктерге жетті.

 

2013 ж. Астана Білім басқармасы «Ұлылықты ұлықтау – ұрпаққа ұлағат» атты республикалық  ғылыми-тәжірибелік  конференция Әскербекова Жанайым /Сертификат /

2013 ж. Астана Білім басқармасы. Республикалық  олимпиаданың ІІІ қалалық кезеңі Айымбетова Ақмарал /ІІ дәрежелі Диплом /

2013 ж.«Астана дарыны» орталығы «Зерде» зерттеу жұмысы Келесбай Гүлайхан қалалық  /Сертификат/, /Грамота/

2013 ж. Астана Білім басқармасы. Қалалық олимпиадасының жүлдегері Айымбетова Ақмарал /ІІ дәрежелі Диплом ІІІ кезең/

2014 ж. «Астана дарыны» орталығы  «Ана тілім – асыл қазынам» қалалық үздік шығарма байқауынан Шарапбекова Аружан   /І дәрежелі Диплом/

2014 ж. Республикалық қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы республикалық олимпиадасында Айымбетова Ақмарал /Сертификат/

2015 “Жарқын болашақ” ҮІІ облыстық КАТЕV  олимпиадасынан Мұсаева Жұлдызай /І дәрежелі Диплом/

2015 “Жарқын болашақ” ҮІІ республикалық КАТЕV  олимпиадасынан Мұсаева Жұлдызай /Сертификат /

2015 ж. Аудандық «Абай –Шәкәрім” оқулары байқауында Утеген Жанель    /І дәрежелі Диплом/

2015 ж. Қалалық  «Абай –Шәкәрім” оқулары байқауында Утеген Жанель   /І дәрежелі Диплом/

2015 ж. Республикалық Қ.Бітібаева олимпиадасының қалалық кезеңі Досанова Гүлзия /ІІІ дәрежелі Диплом

2015 ж. Өрлеу» БАҰО АҚФ республикалық семинар «Орта мерзімді»жоспарлау.

 

 

 

 

Сондай-ақ, оқыңыз

Қазақ тілін орыс мектептерінде оқытуда рөлдік ойындардың маңызы

Ақмола облысы, Аршалы ауданы, № 2 Аршалы орта мектебі, Қазақ тілі пәнінің мұғалімі, Нуртазина Білімжан …