Сабақтың тақырыбы: «Қол араны, қашауды және сүргінің жүзін қайрау»

Астана қаласы,

№51 мектеп гимназиясы

Технология пәнінің мұғалімі,

Ашықбаев Асандулла Тұрмағанов

 Сабақтың мақсаты:

  • Білімділік: Алған білімдерін практикамен байланыстырып, өз ой-пікірлерін тұжырымдай білуге, үнемділікке, біткен іске талдау жасауға, ойлампаздыққа үйрету;
  • Дамытушылық: Жұмыс кезінде талғаммен қабылдау қабілеттерін, өнерге қызығушылықтарын, шығармашылық қабілеттерін, өнерге қызығушылықтарын арттырып, шеберліктерін дамыту;
  • Тәрбиелік: Жұмыс атқаруға, шеберліктерін артырып, бұйым жасау кезінде уақытты тиімді пайдаланып, жинақылыққа, төзімділікке, икемділікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: баяндау практика жүзінде

Көрнекілік: ара, сүргі, қашаулар

Пәнаралық байланыс: сызу, физика пәндері.

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру: Оқушылардың тізімін, сабаққа дайындығын тексеру.

Үй тапсырмасын тексеру.

Жаңа сабақ:

Оқушылардың бүгінгі таңда еңбекке баулу мен тәрбиелеу үрдісіндегі кәсіптік бағдарлау жұмысының ең басты назарда тұрғаны анық. Өйткені оқушыларды бала жасынан еңбекке тәрбиелеу ісі – нағыз еңбексүйгіштікке және іскерлікке, үнемділікке, табандылық пен жауапкершілікке тәрбиелейді.

          Ағаштан бұйым жасаған кезде әртүрлі ағаштар қолданылады. Оған жататындар: Балта, қол ара, балға, сүргі, қашау, қол бұрғы, тістеуік, және қысқыш. т.б.

          Қол ара – ағаш материалдарын кесуге арналған ара. Олар бойлай және көлденеңнен кесуге арналған деп бөлінеді. Тістерінің пішініне қарай айырмашылық та болады. Сонымен бірге аралас (әмбебап) қол аралар кеңінен таралған, олар ағашты барлық бағытта кесе береді. Ағаш бетін тегістеу, ағаш бөлшектерінің қалыңдығын кішірейту әртүрлі ені мен тереңдігі бар ойықтар жасау үшін ағаш ұстасы арнаулы құрал-сүргіні қолданылады.

Негізгі 3 түрлі сүргінің түрі бар:

Шерхебель – ағаштың бастапқы қайнар қабатын өңдеуге арналған.

Әр түрлі сүргілер –тазартып сүргілеуге арналған.

Фуганок – Ұзын ағашты соңғы өңдеуге арналған. Фугунок сүргіден үш есе ұзын болады. Бұл онымен ұзын үстіңгі беттерді сүргілеуге мүмкіндік береді.

Соқпалы қашау – ағашта саңылау жасау үшін пайдаланады.  Олар әр түрлі оларды негізінен жүзінің еніне байланысты айырады. Жүзінің ені тиісінше қажетті саңылаудың ені бойынша таңдап алынады.

Қашау – тазалап өңдеу үшін қажет. Сонымен қатар ұста қашауының бірнеше түрі бар. Жүзінің еніне сай айырады.

Қолмен сүргілеу – жұмысқа кірісер алдында құралды дайындау дұрыстығын тексеру. Пышағын қайрап алу қажет. Пышақ қалыпқа мықтап бекітілуі қажет. Табаннан пышақ жүзін қисайтпай бір қалыпты шығару қажет.

Пышақ жүзінің дұрыс шығуын сүргіні көз деңгейіне көтеріп, көзбен мөлшерлеп тексереді. Қараған уақытта пышақ жүзі жіңішке жіп тәрізді көрініп тұратын болса пышақ дұрыс бекітілген.

          Сүргі келесі реттілікпен бөлшектеліп бұзылады. Сүргіні сол қолға ұстау қажет. Балғамен немесе киянкамен сүргі түбіне жеңіл соға отырып, сынасын босатады.

          Ал қалыпқа сына мен пышақты бекіткен кезде киянкамен қалыптың алдыңғы жағын соғады. Құралды жұмысқа дайындаған соң жұмысқа кіріседі. Алдымен өңделетін дайындаманы қарап байқап оның жарамдылығын тексереді.

          Дайындаманы шебер үстелге талшықтарының бағытын сүргілеу бағытымен бағыттас етігі бекітіледі. Бұдан кейін сол аяқты верстактың бойымен ілгері, ал оң аяқ кейінірек сол аяққа қатысты 70 бұрышпен қойылады. Оң қолмен сүргінің түбінен ал сол қолмен «мүйізінен» ұстайды.

Қорытынды: Аспаптар қолданғанда қауіпсіздік ережесін сақтау.

Бағалау: Дайындаманы толық атқарған оқушыларды бағалау.

Үйге тапсырма: Жасайтын бұйымның эскизін жасау.

 

Сондай-ақ, оқыңыз

Сыныптан тыс оқу сабағы – әдебиет сабағының жалғасы.

Ақмола облысы, Аршалы ауданы, № 2 Аршалы орта мектебі, Қазақ тілі пәнінің мұғалімі, Нуртазина Білімжан …