Астана қаласы,
Тасқалиева Мейрамгул Нығметқызы
Жалпы мақсаты: Тәлім алушыларға сын тұрғысан ойлау технологиясы негізінде Эдвард де Бононың «Ойлаудың алты қалпағы» әдісімен таныстырып өту
Оқу нәтижелері: Білім беру мен сабақ үдерісінде оқушыларды мәселелерге сыни көзбен қарауға , проблема бойынша өз көзқарасына рефлексия жасауға, «Ойлаудың алты қалпағы» туралы үйренеді ;
Қолданылатын ресурстар: Постер, маркер, стикер, фотоаппарат, АКТ, Алты тұрлі қалпақтар. Ақша банкноттары
Коучингке негізделген тәсілдер: Диалогтік оқыту. Оқыту үшін бағалау, оқуды бағалау, Кері байланыс. АКТ.
Коуч іс-әрекеті: Мұғалімдер іс-әрекеті
1..Топқа бөлу
Топ мүшелері шеңбер бойына жиналып үлестірме қима қағаздарды алып, әр ел ақша түрлеріне орай 6 топқа бөлінеді. Әртопқа алты түрлі қалпақтарды бөліп беру.
- Ой қозғау
Баға дегеніміз не?
Баға оқушыға не үшін қойылады ?
Бағалаудың мақсаты неде?
Терең тыңдалым, сұрақтар қояды.
3.Теориялық кезең.
Э. Бононың «Ойлаудың алты қалпағы» Презентациясын ұсыну.
Ақ қалпақ– эмоциясыз, таза ойлау, дұрыс ойлау. Ақ қалпақ бізге белгілі немесе қажетті ақпаратқа назар аудару үшін пайдаланылады. Әсерсіз, субективті бағалаусыз тек сандардан, деректерден, ойлардан тұрады. Айтылған пікірді растайтын, жоққа шығаратын қандай дәлелдер мен деректер, ақпараттар бар? Мәселені шешуде жетіспейтін ақпаратты қалай аламыз?
Сары қалпақ айқындылық пен өмірге сеніммен қарауды бейнелейді.Позитивті ойлау. Болашаққа деген үмітті көзқарас.Қарастырылып отырған құбылыстан позитивті жағын бөліп алып және неліктен позитивті екенін дәлелдеу керек. Нақты не нәрсе жақсы, пайдалы, тиімді, конструкторлық екенін айтып қана қоймай түсіндіру қажет
Сары қалпаққа қарама-қайшы.Ненің қиын, түсініксіз, мәселе тудыратын, негативті екенін анықтап және себебін түсіндіреді.
Қызыл қалпақ сезімді, болжамды және ішкі түйсікті білдіреді. Бұл сезімталдық қалпағы. Өзінің өзгеріс көніл-күйін өткен немесе өзге құбылысты сәттермен байланыстырады.
Бұл шығармашылық ойлау қалпағы. Жаңа тақырыпты өткен кезде келесі сұрақтар: «Жаңа жағдайда жаңа әдіс, факт немесе басқа әдіс-тәсілдерді қалай қолдануға болады?» «Өзгеше болу үшін не істеу керек?», «Осындай немесе басқа аспектіні, жаңалықты енгізу үшін не істеу керек?» қою арқылы жаңа жетістіктер тауып қолдануға мүмкіндік береді.
Көк қалпақ ойлау үдерісін басқару үшін қолданылады.Бұл философиялық , пысықтау қалпағы.. Көк қалпақты таңдаған топ міндетті түрде барлық жұмыс уақыттарын әр түрлі екі бөлікке бөлулері керек: біріншіден- басқа топтарды аралап, олардың көзқарасын қабылдап , екішіден- өз топына қайта оралып , жинаған материалды пысықтайды, қорытады. Олар соңғы сөзді айтады.
Ақ қалпақ- Бағалау туралы деректер, түсініктер, мағлұматтар , салыстырулар береді.
Қара қалпақ-Бағалаудың қиыншылықтарын айту, кедергілер, жағымсыз жақтар, әділетті-әділетсіз жақтары
Сары қалпақ- Критериалды бағалаудың тиімділігі, жақсы жақтары, позитивті көзқарас.
Қызыл қалпақ- бағалау туралы болжамдар, өзіндік пікірлер, 5 баллдық жүйе туралы ойы, ішкі сезім эмоциялары.
Жасыл қалпақ – Барлық жаңасын және қызықтысын айьыңыз, жазыңыз.бағалауды тәжірибеге толықтай енгізу үшін не істеу керек? Бағалау өзгеше болу үшін не істеу керек?
Көк қалпақ- Көк қалпақтылар өзге қалпақтардың айтқандарын тыңдай отырып, әр топтың жұмысына баға берді. Барлық ойға,идеяларды бағалап,қорытынды жасайды.
Берілген тапсырмалар бойынша постер әзірлеп, қорғайды.
Кері байланыс: Өз тобының түсіне байланысты бүгінгі коучингке баға береді.